Шетелдіктер Қазақстан азаматтығын сатып алып жатыр ма?
Шетелдіктер Қазақстан азаматтығын еш қиындықсыз сатып алып жатқаны рас па? Әлеуметтік желіде «мұнда бәрі сатылады» деп, елімізге тіл тигізген адамның видеосы тарады. Оның айтуынша, Қазақстанда тіл білу деңгейін анықтайтын тест болғанына қарамастан, ақшасы бар шетел азаматтары көк паспортты сатып алып жатыр.