Елімізде жаңа автобағдарлама пайда болғаны рас па?
Әлеуметтік желіде: «Ескі темір тұлпарыңды тапсырып, салоннан су жаңа машина мін!» деген жаңалық тарады. Ондағы деректерге сүйенсек, утильизация басталып, жеңілдетілген сертификаттар беріле бастаған. Мұны естіген ел бір-бірінен сүйінші сұрап, жаңа автомобиль мінуге асығып жатыр. Бірақ бұл қаншалықты рас?