Q-бизнес. Қазақстанның Даму Банкі қолдауымен автожолдарды ауқымды жаңғырту

Былтыр Қазақстанның Даму Банкі бөлген қаражат есебінен 5000 шақырым жол жаңаланды. Негізгі бағыттар: Жезқазған–Петропавл, Қарағанды–Аягөз–Бұғаз, Шалқар–Ембі, Қандыағаш, Макинск, Степногорск. Басты мақсат – жобаларды тиімді шарттармен ұзақ мерзімді қаржыландырумен қамтамасыз ету. Аталмыш қолдау үкіметтің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруда, инфрақұрылымды модернизациялауда және бизнес пен ел азаматтарының бастамаларына қолайлы жағдай жасайды.