Мал бордақылау алаңдарына арналған жеңілдетілген несиелер
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясы 2025 жылдан бастап мал бордақылау алаңдарын жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Жылдық мөлшерлеме – 5%. Ақтөбе облысында бұл бағдарлама аясында 600 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Қаражат мал мен жем-шөп сатып алуға бағытталған. Бағдарлама мал шаруашылығын дамытуға және ет бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.