Әскердегі өлім-жітім, ерте жүктілік: Ұлттық құрылтайда айтылуы керек мәселе
Нашақорлық, ойын құмарлық, вандализм, ана мен балаға қорған болатын құжат және вейпке тыйым. Бұл кеселдер қоғамды ішінен ірітіп, ұлтымызға айтарлықтай қауіп төндіріп келді. Төндіре де береді. Заңмен тыйым салмасақ. Ұлттық Құрылтай алаңында көтерілген осы мәселелер елдің есінде. Артынша Парламенттің мінберінде заң қабылданды. 9 құжат бекіді. Жасыратыны жоқ. Ұлттық Құрылтай жұмысын енді ғана бастағанда күмәнмен қарағандар болды. Қатардағы көп жиынның біріне балағандар да аз болмады. Бірақ Ұлттық Құрылтайда айтылған әңгімелер сол дөңгелек үстелдің айналасында қалып қойған жоқ. Қазір Құрылтайда кім не айтты екен, не айтады екен? деп елендейтін күнге жеттік.