Қазақ әскерінің дене дайындығы

Әскері әлеуетті елдің қорғанысы әлсіз болмайды. Сол әлеуеттің әлді әрі қуатты болуына үлес қосып жүргендердің бірі - Армия орталық спорт клубы. Қазір құрамында 200-ден астам спортшы бар. Саңлақтарымыз әскери жарыстарда ғана емес, халықаралық додаларда да топ жарып жүр. Оған дәлел былтыр Париж олимпиадасында Қазақстан қоржынына түскен жеті жүлденің төртеуін осы Армия орталық спорт клубының спортшылары салған.