Ең аз және көп инвестиция тартқан әкімдер
Келесің, ақшаңды бересің, кәсіпорныңды саласың, үлесіңді аласың. Қазақстан шетелдік инвесторларға өте қолайлы жағдай жасап отырған мемлекет. Президент те орайы келгенде соны жиі айтып жүреді. Экономиканың игілігі – инвестиция. Сондықтан қаржы құюға дайын тұрған инвесторлардың кеудесінен итермеу керек, қажет болса қолдап, қолпаштаған жөн. Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХХVII пленарлық отырысында да Қасым-Жомарт Тоқаев осыны меңзеді.