Турлов, Ломтадзе. Қайрат Боранбаевқа тағы кімдер бәсекелес болады?

Мемлекеттің қазынасын сауын сиырға айналдырған салалардың бірі – футбол. Не өспейтін, не өшпейтін елдегі футбол клубтарының бюджетке масылдығы талайдан бері айтылып келеді. Бірақ биыл ғана сең қозғалғандай. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмыстарды тездетуді тапсырды.