Қазақстанның сирек металдар қорына кімдер көз тігіп отыр?
Қазақстан біртіндеп шикізат стратегиясын өзгерте бастады. Әлемде қара алтынды былай қойғанда, сирек кездесетін қазба байлықтардың бәсі артып келеді. Электромобильдер мен жасанды интеллектіден бастап, қорғаныс жүйелері, жоғары технологиялық құрылғыларға дейінгі қазіргі заманның ең озық деген өнімдері тап осы минералдарға тәуелді болып отыр. Соңғы жылдары бізде де сирек металлдар саласына дем беру туралы бастамалар мінберлерде жиі айтылып жүр. Сонымен «жаңа заманның мұнайын» игеруге мүмкіндігіміз қандай?