Арнайы репортаж. Қазақстан мен Түркия – сенімді стратегиялық әріптестер

Түркия ең алғаш Тәуелсіздігімізді мойындап, тарихи оқиғамен құттықтаған бауырлас ел. Егемендік алған тұста Түркияның 8-ші Президенті Тұрғыт Озал мен Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық байланыстар орнатып, екі жақты ынтымақтастықтың іргетасын қалады. Екі ел бүгінде ең жақын сенімді саяси және экономикалық әріптес мемлекеттер. Ортақ тарих пен рухани мұраға негізделген өзара қарым-қатынас ширек ғасыр бойы қарқынды түрде дамып келді. Екі жақты байланыстың шеңбері артып, қазір стратегиялық сипат алып отыр. Толығырақ меншікті тілшіміз Ержан Жүністің арнайы репортажында.