Арнайы репортаж. Наурыз – жыл басы
Наурыз. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жалпы Наурыз мейрамының нақты шыққан уақытын тарихшылар дөп басып айта алмайды. Күн мен түннің теңелуі жайында да ел арасында аңыз-әңгімелер өте көп. Үлкен буыннан жас ұрпаққа өтіп, сүйекке сіңген жайдары мереке кеңес дәуіріне дейін жұрттың дәстүрі болды. 1926 жылы сан ғасырлық тарихы бар Наурыз мерекесіне діни мереке деген айдар тағылып, тойлауға тыйым салынды. Алайда бұл шектеу тосқауыл болмады. Дәстүр санадан өшпеді. 1988 жылы Ұлыстың Ұлы күні қайта оралды.