Арнайы репортаж. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы
Бұл күн қазақ тарихында жаңа экономикалық дәуірдің басталғаны болып жазылады. Өйткені Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы қарашада халыққа арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы бұрынғыдан өзгеше болды.
Өзгешелігі сол, елдің жаңа экономикалық саясаты және жаһандық кауіп қатерлерге қарсы ауқымды бағдарлама ретінде ұсынды. Президент Жолдауда 2020 жылға дейін жолдардың жөнделуі жөнінде тапсырма берді. Ал Ұлы «Жібек жолының» сілемінде жатқан Шығыс Қазақстан үшін жол құрылысының маңыздылығы ерекше.