Арнайы репортаж. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қарқыны

Отандық өнімнің қарыштап дамуына 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының пайдасы тиді. Нәтижесі де жаман емес.

Осы бағдарлама аясында елдің шығысында тыңнан түрен салған таңсық салалар пайда болды. Өңірде Индустрияландыру картасына енген құны 846 млрд теңгені құрайтын 76 жоба жүзеге асырылуда.