Қосшы: Денсаулыққа бастар жол | Арнайы репортаж
Елорда іргесінде орналасқан Қосшы қаласы. Күннен күнге көркейіп, қарқынды дамып келеді. Былтыр шаһарға Президент тапсырмасы бойынша табиғи газ қосылды. Сондай-ақ жастардың заман талабына сай білім алуын қамтамасыз ету үшін Қосшыда халықаралық деңгейдегі колледж ашу да көзделген. Жергілігті халық үшін тағы бір әлеуметтік маңызы бар нысан - ол әрине емхана. Бұл емдеу мекемесі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бой көтеріп, жуырда ел игілігіне берілген.