Арнайы репортаж. Ата Заң – тәуелсіздік пен тұрақтылықтың теңдессіз тартуы
Кез келген елдің бүгіні мен ертеңін елеп-екшеп, егемендігін бекітіп, тәуелсіздігін бекемдей түсетін негізгі құжаты болады.
Барлық азамат сол ерекше ережеге бағынады. Өйткені ол – бірдің емес, көптің көкейінен шыққан заңдардың асыл жинағы. Еліміздің егемендік алған жылдарында Ата Заңымыз алғаш рет 1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданды. Биыл - Конституцияның қабылданғанына 20 жыл.