Арнайы репортаж. Өмір өткелі

Бүкіл Еуропаны есеңгіреткен гуманитарлық апаттың ауқымы «Өмір өткелі» арнайы репортажында.

Өз отанын тастап шыққан мыңдаған босқын шекарадан өтуге асық. Словения-Австрия шекарасына жетуді көксейтін олар бұл жерді жайлы өмір алдындағы «соңғы бекет» деп атайды. Алайда Австрияға келген кезде, аңсап жеткен Еуропасы ойлағандай болмай шығады...

«24 KZ» түсірілім тобы бірнеше елде болып, жақсы өмірді аңсап, Еуропаға ағылған мыңдаған босқынның назын тыңдады. Барар жері, басар тауы қалмаған оларға құшағын жайған ешкім жоқ. Еуропа елдері шекараларын бекітіп, жәрдемақыларын қысқартып жатыр. Жылы қабақ танытқан жергілікті тұрғындардың да қарасы аз. Арнамыздың тілшілері Иван Тулинов пен Артем Истомин ең ірі босқындар лагерінде болып, олардың тұрмысын өз көздерімен көріп қайтты.