Арнайы репортаж. Еліміздің кемел келешегіне кепіл болған маңызды сапарлар

Қазақстан көшбасшысы ұстанған көп векторлы саясаттың басты мақсаты дағдарыстың шырмауынан шығып, ел экономикасының еңсесін тіктеу.

Ағымдағы жылы белді де беделді тұлғалардың Ақорда есігін айқара ашып, толассыз ағылуы да соның айғағы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл 13 шетелдік сапар жасап, түрлі халықаралық ұйымдардың 32 басшысын қабылдады. Келіссөздердің арқасында алпауыт елдерден $60 млрд инвестиция тартылып, 275 экономикалық құжатқа қол қойылды. Еліміздің кемел келешегіне кепіл болған кейбір маңызды сапарларды арна тілшісі Елдар Бақпаев саралап көрмек.