Арнайы репортаж. Малы мыңғырған өлке
Қостанай облысы бидай толы қамбасымен ғана емес, мал басының өсімімен де мақтана алады.
Мал шаруашылығы саласындағы тынымсыз еңбек пен осы салаға бағытталған бағдарламалардың арқасында бүгінде сапа өсті. Іргелес серіктестіктер еңсе тіктеді. Санға сапа қосылғанда өнімділік еселеніп,шығын кемитінін ескерсек, Қостанай облысы алдағы жылдарда ет экспортына өлшеулі үлес қосады деп сенуге толық негіз бар. Ауыл шаруашылығының егіз саласы қатар дамыған өңірден меншікті тілшіміз Абылай Маудановтың арнайы репортажы.