Арнайы репортаж. Мұнайлы аймақтың табысты жылы
Өндірісті өлке Атырау облысы үшін 2015 жыл сәтті болды.
Өңірде жеңіл және ауыр өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында республикамыз бойынша баламасы жоқ жобалар жүзеге асырылды. Осының арқасында аймақ кәсіпкерлері сырттан тасымалданатын тауарларды ығыстырып, ішкі нарықты өз өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік алды. Өңір тынысы жайлы меншікті тілшіміз Бекен Әлирахымның арнайы репортажында.