Арнайы репортаж. Орал: табысты жылдың түйіні

Орал өңірінде 2015 жылы атқарылған ауқымды шаралар жетерлік.

Оның ішінде баспана құрылысы басты назарда болды. Бүгін де мұнда жас отбасылар мен кезектегі тұрғындарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі салымшыларына арналған негізгі 3 бағыт бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оралдық кеме құрастырушылардың да еселі еңбегі мен төккен тері нәтижелі болды. Қазіргі таңда бұл  зауыт еліміздегі су ығыстырғыштық салмағы 250 тоннаға дейінгі кемелерді құрастыратын бірден-бір өндіріс ошағы. Сондай-ақ биыл облыстық маңыздағы автомобиль жолдарын күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге 5 млрд теңге қаржы бөлінді. Қаржы есебінен жалпы ұзындығы 34 шақырым жол жөнделді. Толығырақ аймақтағы меншікті тілшіміз Тағат Серікқалиұлының арнайы репортажында.