Арнайы репортаж. Өндірісі өркендеген өлке
Бұл өңірдегі отандық тауарларды жергілікті кәсіпкерлер өндіреді.
Шымкенттің іргесіндегі бір ғана Оңтүстік индустриялды аймағына жалпы құны 77 млрд теңгеден асатын 73 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Қазіргі таңда соның 37-сі толық қанды жұмыс істеп тұр. Бұл аймақта шыны ыдыстарынан бастап, құрылыс заттары мен мотор майларына дейін өндіріледі. Оңтүстік Қазақстан облысының іскер азаматтары осылайша 2015 жылды толағай табыспен қорытындылады. Толығырақ өңірдегі меншікті тілшіміз Қанат Жүнісбековтің репортажында.