Арнайы репортаж. Керегесі мықты кенді Алтай

Шығыс Қазақстан облысында 2015 жылы атқарылған келелі істер мен жоспарланған жобалар ауқымды болды.

Кенді Алтай өңірінде барлық сала бойынша тек қана өсім байқалды. Атап айтар болсақ, жалпы аймақтық өнім көлемі 1,2 пайызға өсті. Бұл 2,3 трлн теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығы саласы 1 пайызға, инвестиция 7 пайызға, тұрғын үй салу 4 пайызға, орташа еңбекақы 6 пайызға өскен. Осы өсімдердің барлығы облыстық бюджетке түсетін қаражат көлемін 2,5 пайызға арттыруға ықпал етті. Өңір тынысы жайлы толығырақ меншікті тілшіміз Эльмира Ахметованың репортажында.