Арнайы репортаж. Қуатты өндірістік аймаққа айналған өңір

Жамбыл облысы географиялық орналасуы мен ресурстары, өнеркәсіптік ерекшелігіне қарай шетелдік инвесторларға тиімді өңір.

Жыл басынан бері ондағы өндіріс орындары 134 млрд астам теңгенің өнімін өндірген. Өңірдегі өнеркәсіп саласына тың серпін берген индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы. Оның аясында облыста жалпы құны 123,3 млрд теңгені құрайтын 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Өңірдің бүгінгі қарқыны тілшіміз Руслан Бақытбекұлының арнайы репортажында.