loader


Арнайы репортаж. XXXI жазғы Олимпиада ойындары

Кешенді сынның басталуына 2 күн қалғанда олимпиадалық қалашықта ресми түрде Қазақстанның Мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті. Біздің Әнұран бүгін бірінші рет шырқалды.

Жалпы Бразилия Рио Олимпиадасының дайындығына $15 млрд доллар жұмсады. Байрақты бәсеке үшін арнайы 2488 медаль жасалды. Соның 812-і алтын және соншалықты күміс жүлде болса, 864-і қоладан құйылды.

Төрткүл дүние тағатсыздана күткен жазғы Олимпиада ойындарына әлемнің 207 елінен 12 мыңға жуық  жүйріктер жиналды. Алты құрлықтың алыптары арасында қазақ елінің мықтылары да бар. Қазақстандық делегацияда 170 адам бар, соның 104-і  спортшылар. Олар Риода спорттың 26 түрінен сайысқа түседі. Ішінде үміт артқан спортшыларымыз да бар. Әсіресе боксшылардың жолына көз тігеміз.

Рио Олимпиадасы жайлы арнайы репортаждың видеосын сілтеме арқылы таба аласыздар: http://khabar.kz/olympics/kz/video/item/61094-arnajy-reportazh-rio-2016

Сондай-ақ...