Арнайы репортаж. Өндірісі өркендеген Қарағанды облысы

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда Қарағанды халқы аса қиын кезеңдерді бастан өткерді. Нарықтық-экономикалық өтпелі ауыр кезең кенді аймақтың тұрғындарын да қыспаққа алды. Осы тұста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасын тұралатпай жаңғыртуды барша қазақстандықтардың алдына мақсат етіп қойды. Кен орындары мен өндіріс ошақтарының жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу үшін орталыққа инвесторлар тартты. Қойнауы қазынаға толы Қарағанды облысы ширек ғасырда биік белестерді артқа тастап, қарқынды даму жолына түсті. Бірлік пен татулықты ту еткен арқа жұрты ол жетістіктерге қалай жетті?