Арнайы репортаж. Ақтөбе: Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктер

Осыдан 25 жыл бұрын Ақтөбеде лапароскопиялық операция жасалды.  Бұл сәт еліміздің медицина тарихына жазылды. Себебі ол тек өңірде ғана емес, Қазақстанда да алғаш қолға алынған іс болды. Медицина саласында сол уақыттан бері не өзгерді? Заманауи үлгідегі технологиялармен жабдықталған емханалардың қазіргі қарқыны қандай? Тәуелсіздік жылдарындағы Ақтөбенің медицина, өндіріс, білім және әлеуметтік салаларындағы оң өзгерістер меншікті тілшіміз Ақсәуле Байменшинаның репортажында.