Арнайы репортаж. Павлодар: Индустриалды өлкенің толағай табыстары

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын Павлодар облысы үлкен жетістіктермен қарсы алып отыр. Ширек ғасырда қолға алынған бағдарламалардың арқасында өңірдің әлеуеті артты. Ескі аудандар жаңартылып, астық сақтайтын барлық элеваторлар қалпына келтірілді. Агроөнеркәсіптік кешенде дамыды. Ірі өндіріс ошақтарымен ғана емес, көз тартар сұлу табиғатымен, қазақ мәдениеті мен ғылымына өлшеусіз үлес қосқан перзенттерімен де танымал өңір жайлы меншікті тілшіміз Қарлығаш Қасиетованың арнайы репортажында.