Арнайы репортаж. Батыс Қазақстан облысының Тәуелсіздік жылдарындағы дамуы

25 жыл. Егемендіктің арқасында еліміз еңсесін тіктеді. Өңірлер өрістеп, ауыл мен қаланың ажары кірді. Ел тұрғындарының өмір сапасы жақсарды. Осы жылдарда батысқазақстандықтардың айлық табысы 38 есеге артып, орташа өмір сүру ұзақтығы 64 жастан 72-ге ұлғайды. Медицина мен өндірісте де озық технологиялы жетістіктерге қол жеткіздік. Өңірдің ширек ғасырда жеткен табыстары жайлы меншікті тілшіміз Талғат Серікқалиұлы саралап көреді.