Деректі фильм. Менің елім

Ширек ғасыр ішінде Қазақстанды әлемдегі ең мықты мемлекеттер танып, құрметтейтіндей деңгейге жеттік. Шекарасы шегенделген ел шымыр. Тәуелсіздіктің ақ таңы атқан тұста мемлекеттік шекарамызды белгілеп алдық. Алатау бөктерінде алғашқы Ата Заңымыз бекіп, Демократиялық президенттік басқаруға жол ашылды. Мемлекеттік рәміздеріміз Ту, Елтаңба, алғашқы Әнұранымызды бекіттік. Егемендік пен еркіндіктің арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз бен біз жүрген тарихи жолдар «Менің елім» деректі фильмінде.