Арнайы репортаж. Солтүстік Қазақстан облысы. Егемендік берген жеңіс пен жетістік

Тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміз үшін тарихтың жаңа беті ашылды. Барлық қазақстандықтың көзінде келешекке деген күдіктен гөрі үміт оты басым болды. Тоқырау кезеңіндегі өндіріс орындарының жабылуы мен елдегі жұмыссыздықтың белең алуы сенміге селкеу түсірмеді. Қай-қайсы болса да елдің дамуына өз үлестерін қосуға тырысты. Солтүстікқазақстандықтар да өңірдің экономикасын, ауыл шаруашылығын, медицинасын және тағы басқа салаларын көтеруге ат салысты. Жұмыла кіріскен жұмыстың бүгінгі нәтижесі қандай? Ширек ғасырда өңір қандай жетістіктерімен қуантты? Ол жайлы меншікті тілшіміз Айдарбек Айтмұхамбетұлының арнайы репортажынан көре аласыздар.