Арнайы репортаж. Қызылорда облысы: қиын кезеңді еңбекпен еңсерген өңір

Адамзаттың көз алдында кеуіп, құрдымға кете жаздаған Арал теңізі Тәуелсіздіктің 25 жылдығында кемеріне келді. Елбасының пәрменді шарасының арқасында САРАТС жобасы жүзеге асырылып, бүгінде теңіз толқындарының Арал қаласына жетуіне оншақты шақырым қалды. «Ғасыр жобасына» баланған оның аясында теңізден бөлек аймақтағы 158 көлдің арнасы толды. Ширек ғасырдағы өңірде қолға алынған істер мен жеткен жетістіктер жайлы арнайы репортажда.