Арнайы репортаж. Ақмола облысының ширек ғасырдағы жетістіктері

Арқа төрінен орын тепкен Ақмола облысы Тәуелсіздік жылдары біраз белестерден өтті. 90-жылдары облыс орталығы Көкшетау қаласының өзінде жылу, жарық деген қажеттіліктер үлкен проблема еді. Аймақта жұмыс табу да қиынға соқты. Ал бүгінде бұл тауқыметтердің барлығы артта қалып, өңір тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы түзелді. Өзінің тұмса табиғатымен талайларды таңырқатқан Көкше жерінің өткені мен бүгіні меншікті тілшіміз Дамир Берікұлының арнайы репортажында.