Арнайы репортаж. Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі

1991 жыл. Мемлекетіміз күллі әлемге Тәуелсіз ел деп танылды. Тұңғыш рет Жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып тағайындалды. Әнұран, Ту мен Елтаңбамыз бекітілді. Бұл сәт тарих беттерінде ойып тұрып орын алды. Осы оқиғалардың бәріне Алматы қаласының төрінде халықтың өзі куә болды. Дәл осы шаһарды Елбасы Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі деп атады. Сандарға көз жүгіртсек қала сол алғашқы жылдарда-ақ республикалық бюджеттің басты «доноры» болды. Алда атқарылар істер мен жүктелген міндеттер тұрды. 25 жыл ішінде Алматы қаласы үлкен белестерді бағындырып, қарқынды дамыды. Толығырақ Гауһар Омарбектің арнайы репортажында.