Қазақ елі үшін тағы бір айтулы аламан тарих қойнауына кетті. Алматыда XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының жалауы желбіреп, бір жарым апта бойы төрткүл дүниенің спортшылары өзара сайыс көркін қыздырды. 2 жыл салып келетін студенттер жарысына алты құрлықтың 57 елінен 2 мыңға жуық спортшы келіп, 85 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Ендеше бұл додадағы Қазақстанның нәтижесі қандай?