Арнайы репортаж. Байланыс қызметі арзандауы мүмкін

profit.kz

Шетелдік коммерциялық ғарыш аппараттарымен салыстырғанда 20-30% төмен бағада қызмет ұсынатын KazSat-3 жерсерігінің қалыпты жұмыс кестесіне көшуі елімізде байланыс және хабар тарату тарифтерінің арзандауына себеп болып отыр.

Әуе кеңістігіне өткен жылы ғана самғап, орбиталық сынақтардан өткен отандық жерсерік қазірдің өзінде 12%-ға жүктеліп үлгерді.