Медициналық сақтандыру: қаржы қайда жұмсалады? | Арнайы репортаж
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылы енгізілді. Содан бері денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 есе өсті. 2019 жылы 1 трлн теңге болса, биыл 2 трлн теңгеге жетті. Еске салайық бізде екі пакет бойынша қызмет көрсетіледі. Бірі кепілдендірілген медицицналық көмек, жаңағы айтылған қаржының көбі соған жұмсалады. Екіншісі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Бүгін біз осы екі пакеттің халыққа қандай пайда бар және қаржының қайда жұмсалатынын анықтаймыз.