423,79 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арнайы шығарылым. Елбасының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы

  • 1581

Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теңгенің еркін айналымға жіберілуіне байланысты үнемделген қаражатты ескере отырып, әрі мүмкіндігімізді бағамдай келе, дағдарысқа қарсы шараларға қосымша қаржы бөлінетінін жеткізді.

Президент тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін 360 млрд теңге бөлуді тапсырды. Оның ішінде 53 млрд теңге жалдамалы тұрғын үй құрылысына, 149 млрд теңге несиеге берілетін баспанаға, ал 22 млрд теңге салымшыларды несиелендіруге үлестіріледі. Сондай-ақ жеке құрылыспен айналысушыларды қолдау үшін 97 млрд теңге бөлуді жүктеді. Елбасы тұрғын үй бағасы әлеуметтік қолжетімді болуы керек дегенді баса айтты. Оған қоса, 28 млрд теңге 42 жаңа мектептің құрылысына жұмсалмақ. Ал 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасының аясындағы инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыру үшін 76 млрд теңге бөлінеді. Президент осы бағытта әр министрлікке жүктелген міндеттің орындалуын қадағалуды тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы