423,79 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы

  • 3110

Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтті.

Сессияда ел өміріне бетбұрыс әкелер «Мәңгілік ел» патриоттық актісі қабылданды. «Патриоттық акт – халқымыздың бүгініне де, болашағына да тікелей ықпал ететін маңызды құндылықтар жиынтығы. Құжаттың әр тармағы халқымыздың жүрегінен берік орын аларына сенемін. Бұл – қазақ халқының көкейінде жүрген мәселе. Еліміздегі басқа ағайындарымызды осыған баулу үшін бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Бұл – Қазақстанның негізін қалаған буынның кейінгі ұрпаққа аманаты. Оны қастерлеп, дамыта білсек, мәңгілік ел болу деген осы»,- деп атап өтті ҚР Президенті.

Патриоттық акт – Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңында бекітілген алғашқы құжат. Ол патриоттар форумында мақұлданып, мемлекеттік органдармен келісілген.

Хабар 24 телеарнасы