389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Art Global. «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы

  • 417

Көшпелі өркениеттің үздік дәстүрлеріне сәйкес, 2017 жылдың соңында ауқымды жоба басталған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен Ұлттық Музей «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты халықаралық жобаның стартын берді. Осылайша 2,5 мың жыл бойы жер астында жатқан жәдігерлердің тарихын 6 мемлекеттің тұрғындары біліп, Ұлы Даланы әлемдік тарихтың ағынында тамашалауға мүмкіндік алды. Осы жобаның арқасында Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Польша, Қытай және Оңтүстік Корея азаматтары тарихымызға терең үңіліп, құнды ақпарат алды десек болады.

Хабар 24 телеарнасы