386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Art Global | «Astana Art Show» фестивалі

  • 56

Қазақстанның заманауи өнері - егемендіктің құрдасы. Оның бастауы көркемдік шығармашылықтың мықты дамыған кезеңі - 90-шы жылдармен байланысты. Өйткені оған дейін отандық сурет өнері көп уақыт бойы кеңестік идеологияның салдарынан толық ашыла алмаған. Десе де, содан бері қазіргі заманғы өнер өкілдерінің есімдері шетелдік ірі каталогтарда жарияланғанына қарамастан, жалпақ жұртқа сирек ұсынылып келеді.

«Astana Art Show» фестивалін жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Бірінші Байланыс» атты жастар көрмесі ашады. Суретшілер өз назарларын өнердегі эксперименттік тәсілдерге, дәлірек айтсақ, жаңа медиа, бейне, фотосурет, перфоманс және инсталляцияға көбірек аударыпты.

Хабар 24 телеарнасы