426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармония І Global art

  • 79

Адамның дүниемен қарым-қатынасының негізінде музыка жатыр. Бармағынан бал тамған күйшідей жүрегіміздің нәзік қылын шерте отырып музыка бізге басқа адамдармен де эмоциялық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Үлкен қалада жанға шипа болар музыканың көзін табу қиын-ақ. Кейде тіпті, музыканттар мен әншілердің өнерін тамашалауға болатын жалғыз жер - филармония болады. Түркістан облыстық филармониясы еліміздегі ең көне өнер ордасының бірі. Ол Шымкент қаласында орналасқан, осы жерде 1930 жылы ашылған. 1996 жылы оған осы өңірден шыққан композитор Шәмші Қалдаяқовтың аты берілген. Он жыл бұрын осы шағын да жайлы ғимаратты ескісінің орнына тұрғызған. Филармония - түрлі өнер тоғысқан конглометрат. Сүгір атындағы ұлт аспаптар оркестрі, «Яссы» және «Фараб» би ансмабльдері, орыс аспаптары, скрипкашылар ансамблі, солистер ұжымы - барлығы 248 артист.

Хабар 24 телеарнасы