378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қаржы. Базалық пайыздық мөлшерлеме

  • 649

Базалық пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі экономиканың нақты секторын несиелендіруге әсер ете ме? Қаржы нарығын бақылаушы сарапшыларды алаңдатқан басты сұрақ осы. Себебі, жыл басталғалы Ұлттық банк базалық пайыздық мөлшерлемеге 3 мәрте өзгеріс енгізіп 9,25 пайыз көлемінде бекітті. Жалпы Ұлттық банк төрағасы қаржы нарығындағы жағдайды тұрақтылығына мән бермек. Ең бастысы - алдағы уақытта банктердің несиеге қосатын үстемақысы азаюы тиіс. Себебі, базалық мөлшерлеме - Ұлттық банктің коммерциялық банктерге беретін қаражат құны ғана емес. Ол - экономикадағы ақша құнының негізгі бағыты.

Хабар 24 телеарнасы