389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қаржы. Жеке тұлғалардың банкроттығы - тығырықтан шығудың жолы ма?

  • 924

Төлем қабілеті төмен азамат қандай жағдайда өзін-өзі банкрот деп жариялайды? Қаржы министрлігі «Қазақстан азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр. Маңызды құжат жақында Парламент қарауына жіберіледі. Заң іс жүзінде күшіне енсе, банктерге кемінде 200 мың адам келеді деген болжам бар. Мемлекет қаржылық мүмкіндігі таусылып, қарызға белшесіне батқандардың мүддесін қорғауға әзір. Сонымен банктерге беретін берешегі бар азаматтар қандай талаптарды орындауға міндетті? Мәселен, банкроттықтан өткен тұрғындар банктерден несие ала алмайды. Бұдан өзге екінші бір адамға банктен несие алу кезінде кепілдік беруге, шетелге саяхаттауға, жеке кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салынады. «Қаржы» бағдарламасы мамандардан жауап алды.

Хабар 24 телеарнасы