Әскер KZ. БАҚ өкілдері әскери қақтығыс аймақтарында жұмыс істеуге әзір ме?

Қорғаныс министрлігінің ұйытқы болуымен Астана түбіндегі әскери бөлімде «Әскери дискурс» практикалық семинары өтті.

Шара қорғаныс ведомствасы мен Еуразия ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық меморандумы шеңберінде ұйымдастырылған. Оған журналистер мен саясаттанушы студенттер қатысты. Бұл қазақстандық журналистикадағы тың бағыт. Әскери журналистерді даярлаудағы жаңа қадам десек те болады. 3 күн бойы болашақ БАҚ өкілдері тәжірибелі әскери нұсқаушылардың басшылық етуімен тек бейбіт жағдайда ғана емес, экстрималды қақтығыстар кезінде де жұмыс жасау негіздерін зерделеді. Болашақ тілшілердің қарым-қабілеті қандай?