Әскер KZ. Айбалта-2016

www.mod.gov.kz

Ашық далада 1,5 мың техника мен 1 мыңдай сарбазды қалай жасыруға болады?

«Шығыс» сынақ алаңында өткен «Айбалта-2016» оқу-жаттығуына қатысушылар алдында дәл осындай міндет тұрды. Қысы қатал өңірде 5 мыңға жуық жауынгер күрделі сынақтан өтті.

Сарбаздардың жауынгерлік рухы мен әскери техниканың беріктігін тексерген 5 күндік жаттығудың нәтижесі қандай? Қазақстан әскерлері қыс мезгілінің минималды температурасына төзе алды ма?

Мыңдаған шақырымды бағындырып, табандылық пен төзімділік танытқан әскерлер жайлы бүгінгі бағдарламадан көре аласыздар.