Әскер KZ. Әскери атташелерді салтанатты қабылдау рәсімі
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери-дипломаттық корпус өкілдерін қабылдау рәсімі өтті.
ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты шетелдік әскерилерді ел мәдениетімен таныстыру. Олардың назарына ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрден сыр шертетін қолөнер туындылары ұсынылды. Салтанатты қабылдау ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблі мен әскери оркестрі дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.