Әскер KZ. Кадет корпусына – 20 жыл

Кәсіби сержант атанудың жолдары қандай? Биыл Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы қанша түлекпен толықты?

Іргесі 1996 жылы қаланған Шоқан Уәлиханов атындағы Кадет корпусы биыл өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті. Оқу ордасының 1999 жылғы түлектері еліміздің алғашқы кәсіби сержанттары атанған. Кадет корпусын бітірген түлектер мотоұтқыр әскерлерінің командалық тактикасы мамандығын, автокөліктік және бронетанктік техниканы жөндеу бойынша слесарь және ЭЕМ операторы квалификацияларын алып шығады, сонымен бірге ЖҚМ 3-класс жүргізушісі-механигі күәлігі мен «С» категориялы автокөлік жүргізуші куәлігін қоса алады. Толығырақ бағдарлама барысында тарқатамыз.