Әскер KZ. Әскери теңізшілер қайда даярланады?
Осы жылдың сәуір айында ҚР Әскери-теңіз күшінің құрылғанына 24 жыл толады. Бұл ҚР Қарулы Күштерінің дербес бір түрі үшін аз уақыт емес. Бүгінге дейін осы саладағы барлық жаңалықтарды қалт жібермеуге тырыстық. Десек те бүгін біз кадр даярлау мәселесін сөз етпекпіз. Әскери-теңіз күшінің мамандары қайда оқытылады? Елімізде арнайы оқу орны бар ма? Ашық теңіздегі кемеде нәзік жанды қыздарымыз қызмет ете ала ма? Қазіргі әлемдегі геосаяси ахуал Қазақстанға қалай әсер етуде?