Әскер KZ. Ұлттық ұлан әскери институтына 20 жыл

фото: Қазақ үні

Ұлттық ұлан әскери институтына 20 жыл. Неден өттік? Неге жеттік? Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған сәттен санасақ, тура жиырма алты күннен кейін ішкі әскер құрылатыны жөнінде Жарлық шықты. Бұл 1992 жылдың 10 қаңтары еді. Тап осы кезде офицерлерге деген тапшылық байқала басталса керек. Білікті кадр даярлайтын арнайы оқу орнына қажеттілік туындағаны да осы шақ. Сондықтан ішкі әскердің жоғары әскери училищесін ашу жөнінде шешім қабылдады. Осылайша, 1997 жылдың көктемінде Петропавлдағы ауылшаруашылық техникумының базасында жаңа оқу ошағының негізі қалана бастады.