Әскер KZ. «Kadex-2018» көрмесі

Мамыр айының соңында Астанадағы халықаралық әуежайдың әскери секторында «Kadex-2018» көрмесі өтті. Оған шет мемлекеттерден 40-тан астам ресми делегация және 100-ден көп кәсіпорынның басшылары келген. Ал экспонент ретінде әлемнің 28 елінен 318 компания қатынасты. Айта кетейік, бұл Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған алғашқы көрме.